«Жас сақшылар» сыныбының ашылуы » КГУ "Прогрессовская СШ"
Коммунальное государственное учреждение
"Прогрессовская средняя школа"
отдела образования Глубоковского района
Приемная:
+7 (72331) 24-4-17
Бухгалтерия:
+7 (72331) 24-4-17
Версия
для слабовидящих
» » » «Жас сақшылар» сыныбының ашылуы
10
ноябрь
2025

«Жас сақшылар» сыныбының ашылуы

Бүгін ШҚО Білім басқармасы, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Прогресс орта мектебі» КММ-де ерекше әрі толқытатын тарихи оқиға өтті — ауданымыздағы алғашқы «Жас сақшылар» патриоттық сыныбының салтанатты ашылуы! 💫
Бұл сынып өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған, ішкі істер органдарының ардагері, абыройлы азамат, өз ісінің шебері — Талғат Николаевич Ожикановтың құрметіне ашылды. Оның еңбегі мен өмірлік жолы жас ұрпаққа ерлік пен адалдықтың үлгісі болмақ.
Салтанатты іс-шараға Глубокое ауданының әкімі Тумашинов Эльдар Лукбекович, аудандық білім бөлімінің басшысы Утепов Сарсен Дюсенбаевич, ШҚО полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Қарикпаев Раджан Мұхамбетұлы, ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Джангазинов Марклен Джангазиевич, Глубокое ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Ларионов Андрей Владимирович, ІІМ жанындағы Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймұратов Қадырғазы Жүнісханұлы, сондай-ақ ардагер Талғат Николаевич Ожиканов, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Бүгін біздің жас сақшыларымыз салтанатты түрде ант қабылдап, туған еліне адал қызмет етуге, оның намысы мен абыройын қорғауға дайын екендерін көрсетті. 🇰🇿

Бұл күн — жаңа бастаманың, үлкен жауапкершілік пен азаматтық борыштың бастауы. «Жас сақшылар» еліміздің ертеңі, ата-анасының мақтанышы, мектебінің үміті боларына сенеміз! 💙

#ЖасСақшылар #ПатриоттықСынып #ПрогрессМектебі #ГлубокоеАуданы #ТәрбиеЖолы #ПолицияДепартаменті #ОжикановТалғат #ОтанСүйгіштік 
#ЕлімніңБолашағы


ССылка на видео!