ЕЛІМІЗДЕ «ӘНШУАҚ» БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ » КГУ "Прогрессовская СШ"
Коммунальное государственное учреждение
"Прогрессовская средняя школа"
отдела образования Глубоковского района
Приемная:
+7 (72331) 24-4-17
Бухгалтерия:
+7 (72331) 24-4-17
Версия
для слабовидящих
» » ЕЛІМІЗДЕ «ӘНШУАҚ» БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
01
февраль
2024

ЕЛІМІЗДЕ «ӘНШУАҚ» БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

ЕЛІМІЗДЕ «ӘНШУАҚ» БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
🎼 Елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтеді. Бұл өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі ерекше оқиға. Оның басты мақсаты - халқымыздың ұлттық ерекшелігі мен рухани мәдениетін дәріптеу.
📆 Фестиваль аясында 1 ақпаннан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде балалар әндерінің челленджі басталады. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі кез-келген бала қатыса алады. Ол үшін TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегінің астына балалар әнінің жанды орындалған бейнесін жүктеу қажет. Қорытындысы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде шығарылады.
🎸 Сондай-ақ, осы күні еліміздің әрбір елді мекенінде Open Air форматында концерттер өтеді. Ал елорданың өзінде «Әншуақ» фестивалінің гала-концерті өтеді.
🏖️ Айта кету керек, ең танымал әндерді орындаушылар өңір әкімдерінің республикалық гала-концертіне жолдамаларын алады. Ал оған қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Балдәурен» РОО-ға жолдама алады.
⚜️ Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
#әншуақ
#progressortamektebi
#прогрессовскаясредняяшкола