Даярлық сыныбына жолдама алу бойынша ата аналарға жадынама. » КГУ "Прогрессовская СШ"
Коммунальное государственное учреждение
"Прогрессовская средняя школа"
отдела образования Глубоковского района
Приемная:
+7 (72331) 24-4-17
Бухгалтерия:
+7 (72331) 24-4-17
Версия
для слабовидящих
» » Даярлық сыныбына жолдама алу бойынша ата аналарға жадынама.
05
август
2024

Даярлық сыныбына жолдама алу бойынша ата аналарға жадынама.


Мектепке дейінгі ұйымға жолдаманы қалай алуға болады?

Шығыс Қазақстан облысындағы мектепке дейінгі ұйымдар 2024-2025 оқу жылына балаларды топтастыру бастады.

Жолдамалар Бірыңғай кезектілік базасында базасында беріледі.Жолдама берудің басталу күні қосымша хабарланады.

Егер кезекке тұрған балабақшада бос орын пайда болса және балаңыздың кезегі келсе,жолдама Сіздің нөміріңізге 1414-тен SMS хабарлама арқылы келеді.

Жолдаманын келгенін eGov Mobile қосымшасы арқылы да тексере аласыз. Ол үшін eGov mobile қосымшасының бастыбетінде Bilim бөліміне кіріңіз, жоғары жағындағықоңырау белгішесіне басыңыз. Егер шешім қабылдап SMS-ке жауап беріп қойсаңыз, eGov mobile-да жауап бере алмайсыз.

Мұндай хабарламаbalabaqsha.snation.kz порталына да келеді. Порталда «Өтініштер» бөлімінде жауапберуге болады.

Ата-ана SMS немесе портал арқылы 2 күнтізбелік күн ішінде SMS/хабарламаға жауап беруі керек.

Жолдаманы алуға келіскен жағдайда сізгекелесі қадамдар сипатталған жаңа хабарламакеліп түседі:

1. Жолдама тек 5 жұмыс күнге жарамды.

2. Осы 5 жұмыс күні ішінде балаңызды медициналық тексерістен өткізу қажет.

3. Осыдан кейін egov.kz немесе balabaqsha.snation.kz порталы арқылы қажетті құжаттардытіркей отырып «Балабақшаға қабылдау үшін құжаттардықабылдау» қызметіне өтініш беру керек:

- № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

- № 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;

- № 027/е нысанындағы анықтама;

-ПМПК қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) электронды көшірмесі;

- әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

- ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

Егер жолдамадан бас тартсаңыз «Жоқ» депбасып, шешіміңізді растаңыз. Бұлбалабақшадағы сіздің кезегіңіз жойылады


#progress_orta_mektebi
#shygys_bilim_basgarmasy
@glubokoe_bilim_bolimi