Ата аналар мен балалардың назарына! Мұқият болыңыз! » КГУ "Прогрессовская СШ"
Коммунальное государственное учреждение
"Прогрессовская средняя школа"
отдела образования Глубоковского района
Приемная:
+7 (72331) 24-4-17
Бухгалтерия:
+7 (72331) 24-4-17
Версия
для слабовидящих
03
апрель
2024

Ата аналар мен балалардың назарына! Мұқият болыңыз!

ЕСІРТКІ мен ЗАҢ
 Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 45 тәулікке дейін қамауға алынады.
ҚҚ 296 бабы 1 бөлім
- Полиция органдарына есепке қою;
- Наркологтың есебіне қою;
- Автокөлік, мотоцикл жүргізу құқығына емтихандарды қабылдаудан бас тарту;
- Аңшылық мылтық сатыпалудан бас тарту;
- Құқық қорғау органдарына, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудан бас тарту.
 Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 7 (жеті) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚҚ 296 бабы 2-4 бөлім
 Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау – мүлкі тәркіленіп,
6 (алты) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚҚ 299-1 бабы
 Есірткі және сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, тасымалдау, жөнелту немесе сақтау – мүлкі тәркіленіп,
6 (алты) жылдан 15 (он бес) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 297 бабы 1-3 бөлім
 Есірткі құралдарын және олардың тектестерін білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға өткізу – мүлкі тәркіленіп, 15 (он бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейін, не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 297 бабы 4 бөлім
 Кәмелетке толмаған адамды немесе екі немесе одан да көп адамды есірткі және сол тектестерді тұтынуға итермелеу – 7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚҚ 299 бабы 1 бөлім
 Есірткі және сол тектестерді тұтынуға тарту, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - 15 (он бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 299 бабы 2 бөлім
 Есірткі және сол тектестерді тұтынуды ұйымдастыру және үй-жайды сол үшін беру– мүлкі тәркіленіп, 7 (жеті) жылдан 20 (жиырма) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 3#progressortamektebi
@glubokoe_bilim_bolim